Умарова Айжан Сериковна
Умарова Айжан Сериковна – 2005 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент қаласы тарих және география пәндерінің мұғалімі мамандығын тамамдады.
Еңбек жолын 2005 жылы Түркістан облысы, Шымкент қаласы №59 орта мектебі тарих және география пәндерінің мұғалімі қызметінен бастап,
2005-2006 жж. Түркістан облысы, Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінде Тәрбие орталығы жастар ұйымының төреайымы қызметін атқарды.
2006-2023жж. Түркістан қ. «Құмтүйін» орта мектебі тарих және география пәндерінің мұғалімі болды.
2022 жылдан Түркістан қаласы «ABAY school lyceum»
мектебінің директоры қызметін атқаруда. Білім саласында жалпы жұмыс өтілі 21 жыл.
Умарова Айжан Сериковна – мектепті басқару ісін жетік меңгерген, заманауи инновациялық технологиялар мен тиімді менеджмент әдістерін басшылыққа енгізетін жаңашыл басшы. Директордың тынымсыз ізденісі мен тыңғылықты ұйымдастырушылық еңбегі білім саласында бүгінгі таңда өз жемісін беріп отыр.
Біліктілікті арттыру:
1«Географияны оқытудағы цифрлық технологиялар: заманауи құралдар мен білім беру ресурстары» тақырыбы бойынша «EDU MASTER» педагогикалық шеберлік орталығында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті (29.07.2026 ж.).
2. «Білім берудегі менеджмент» курсында біліктілігін арттырды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, 26.01.-06.02.2026 ж.
Білім беруді басқару органдары, Министрлік ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың көмегімен өткізілген педагогтер үшін аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен өзге де жарыстардың жүлдегері.
1.Алғыс хат – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан еліміздегі білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі бен адал қызметі үшін ABAY school lyceum ұжымына берілді (2023 жыл, Астана).
2.Диплом І дәрежелі – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №514 Бұйрығына сүйене отырып «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Үздік педагог - 2026» атты III Республикалық байқауына қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін.
3.Диплом І орын – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №514 Бұйрығына сүйене отырып, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Педстарт-2025» атты III Республикалық байқауына «Үздік география пәнінің мұғалімі» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін (Алматы-2025 ж., тіркеу № 005/359).
4.Сертификат – «Mentor-Ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына қатысқандығын растайды (Астана-2025 ж).
5. Certificate of Participation – «BILIM BASTAU» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Singapore Education Network (SEN) серіктестігімен өткен Халықаралық білім беру конференциясында халықаралық сараптамалық кеңестің мүшесі мәртебесін иеленгені үшін (27.07.2026 ж).
6. Certificate of Participation – «BILIM BASTAU» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Singapore Education Network (SEN) серіктестігімен өткен Халықаралық білім беру конференциясында халықаралық деңгейде іс-тәжірибесін таратқаны және Баяндамашы ретінде қатысқаны үшін 27.07.2026 ж.
7. Certificate of Publication – «ILIM.KZ» Халықаралық ғылыми-әдістемелік журналында оқу-әдістемелік материалын жариялап, іс-тәжірибесімен бөліскендігін растайды.
8.Алғыс хат – «ILIM.KZ» журналының редакциялық алқасы журналға белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ білім беру процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге қосқан жеке үлесі үшін білдіреді.
9. Сертификат – «Болашаққа «AQNIET»-пен бірге» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында оқу-әдістемелік материалын жариялап, іс-тәжірибесімен бөліскендігін растайды (Астана к.-2025 ж.).
Умарова Айжан Сериковна– өз ісінің нағыз майталманы, біліктілігі жоғары педагог-зерттеушіұстаз. Оның жетекшілігімен білім алушылар министрлік пен білім басқармалары ұйымдастырған аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
1. І дәрежелі Диплом – Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «МЫҢ БАЛА» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық олимпиадада «География» пәні бойынша Құрбанұлы Арслан қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін. Жетекшісі: Умарова Айжан Сериковна (Алматы-2025 ж.)
2.16th International Earth Science Olympiad (IESO 2023) – Жер туралы ғылымдар бойынша 16-шы Халықаралық олимпиаданың "Data Mining Test (DMT)" бағытында Қола медаль (Bronze Medal) иегері – Кенжетай Абай Аханұлы (20-26 тамыз, 2023 жыл)
3."New Wave think-eco-logically" халықаралық экологиялық волонтерлік жобасына белсенді қатысып, экологияны жақсартуға қосқан үлесі үшін (75 сағат волонтерлік қызмет) – Кенжетай Абай Аханұлы (Шымкент, 2021-2022 жылдар).
4.International Earth Science Olympiad 2023 – Жер туралы ғылымдар бойынша Халықаралық олимпиаданың Назарбаев Университеті базасында өткен Республикалық іріктеу кезеңінде 1-ші орын – Кенжетай Абай («Жас Геолог» корпоративтік қоры, Астана, 2023 жыл).
5.Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «МЫҢ БАЛА» интеллектуалды білім сайты ұйымдастырған Республикалық олимпиадада география пәні бойынша 1 дәрежелі диплом – Құрбанұлы Арслан (Алматы-2025 ж.).